«Ешкім ешқайда қашқан жоқ»: Бас прокуратура Мәсімовтің ісіне байланысты түсініктеме берді
ҰҚК бұрынғы төрағасына байланысты іс аяқталып, қазір метариалдармен танысу процесі жүріп жатыр

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне байланысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, іс құпия болғандықтан оның жүру барысын санаулы ғана адам біледі.
– Мәсімовтің ісін арнайы прокурорлар тергеп жатқан жоқ. Бұл Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құзырында. Құпия түрде қаралады. Сондықтан іс материалдарын жариялауға рұқсат жоқ. Бұл туралы білетін тек белгілі бір адамдар ғана бар, – деді Шындалиев.
Шындалиевтің айтуынша, іс бойынша тергеу аяқталған. Қазір материалдармен танысу процесі жүріп жатыр.
– Бұл іс бойынша барлық күдікті қамауда отыр. Ешкім ешқайда кеткен жоқ және жасырынған жоқ. Істі тергеу аяқталды, қазір материалдармен танысу басталды, – деді ол.
Әсет Шындалиев Мәсімовтің соты қашан болатынын айта алмады. Оның сөзінше, адвокаттардың іспен танысуына бірнеше ай уақыт кетеді.

Пікірлер жоқ.