Экс-министрі Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі
Ол Абай облысындағы орман өртінен кейін қызметінен кеткен

Фото: Ашық дереккөзден
Абай облысындағы орман өртінен кейін қызметінен алынып тасталған бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Марат Ахметжанов хабарлады.
– Президент Бас прокурорға тапсырма берді, сол бойынша тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай. Адамдар қайтыс болды, сондықтан оқиғаның мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталады. Неліктен дер кезінде шара қолданылмады, немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау және т.б. тексеріледі, – деді ол.

Пікірлер жоқ.