Экс-министр Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты

Прокурор оны 9 жылға соттауды сұраған


16/06/2023
12:47 15811 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты. Онда ол өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, ешқандай қаржы жымқырмағанын мәлімдеді. 

 

– Мен кез келген жазаға келісемін, тіпті атып тастаса да мейлі – бірақ тек ақша жымқыру емес. Қазақтың керемет мақалы бар. Өлімнен ұят күшті,  деді ол соңғы сөзінде. 

 

Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрған уақытта «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған. 

 

Бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы прокурор Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұраған. 

 

Іс бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек үш сотталушы – Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садуақасова бар. Прокурор оларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

 

Келесі сот отырысы 19 маусымда өтеді. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

16/06/2023 12:47
15811 0

Уведомление