«Е, қарындас, танысайық»: кәтколлиң мен сексуал харассмент деген не?

Қазақстан мен өзге елдер бұл мәселемен қалай күресіп жүр


13/12/2021
11:34 29055 0

2017 жылы #metoo қозғалысы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық пен харассмент тақырыбын жаңа деңгейге көтерді. Қазір жұрт кәтколлиң мен сексуал харассментті проблема көрмейді. Десе де, көптеген елде әйелдер бірігіп, неліктен харассмент назар аударалуы керек мәселе екенін түсіндіріп, бір-біріне көмектесіп жүр. 

 

Біз АҚШ, Ресей мен Қазақстандағы осындай жоба жетекшілерімен сөйлесіп, мұнымен қалай күресуге болатынын білдік. 

  

Кәтколлиң деген не? 

 

Кәтколлиң (ағылшын тілінде catcall — «ысқыру») — көшедегі харассменттің бір түрі. Әдетте әйелге бүйтіп еркек тиіседі: өтіп бара жатса артынан ысқырып, әдепсіз сөз айтады. 

 

Елестетіп көріңіз: сіз көшеде келе жатсыз, кенет артыңыздан біреу «ә, қарындас, таныспадық па?» деп ысқырады. Сіз сәл алаңдай бастайсыз, жауап қатпауды жөн көріп, жылдам жүре бастадыңыз. Айтылған сөз де, айтқан адам да артта қалса да, жағымсыз әсер алғаныңыз рас. 

 

Әрбір әйелдің басынан өткен кәтколлиң дегеніміз осы. 

 

Кәтколлиң құрмет, ізгі ниетпен айтылмайды, бұл комплимент емес. Керісінше, өзгенің жеке кеңістігін бұзады. 

 

Харассмент деген не?

 

Харассмент — адамға ыңғайсыз орта туғызатын кез келген іс-әрекет: тиісу, балағаттау, ұятқа қалдыру және тағы басқа. 

 

Сексуал харассмент деген қырындап тиісу. Мысалы, артынан ысқыру, әдепсіз сөздер айту, бастық я оқытушының кофе ішіп келейік деп мезі қылуы, жалақыңды көтерем не жоғары баға қоям деп секс ұсыну.  

 

Әлеуметтанушы мен психологтар қырындап тиісетін адам мұны секс қалағандықтан емес, көбіне басынғысы келетіндіктен не жазаланбайтынын білгендіктен істейді дейді. 

 

Кристофер Угген пен Эми Блэкстоунның зерттеуінде билікке қол жеткізген адам уақыт өте келе өзгелердің жағдайын түсінуден (эмпатия) қалады және жұмыс орнындағы этика кодексін бұзуға бейім болады делінген. 

 


 

Статистика не дейді?

 

Корнелл университеті дүниежүзінің 17 мыңға жуық әйелі арасында зерттеу жүргізіп,  

олардың 80%-ға жуығы көшедегі харассментке алғаш рет 17 жасқа дейін ұшырағанын анықтады. 

 

Сауалнамаға қатысқандардың 50%-на бейтаныс адамдар әдепсіз сөз айтып қана қоймай, бір жерінен ұстап тиіскен.  

 

71%-ы біреулер аңдығанын айтты. 

 

Көшедегі харассменттің кесірінен әйел барған жерінде әр нәрседен үрейленіп, сескеніп жүреді, өзін жоғары бағалаудан қалады. 

 

Қазақстанда мұндай зерттеу әлі жүргізілген жоқ.

 


 

Біз әртүрлі елдердегі харассментке қарсы бірнеше жобаның жетекшілерімен сөйлесіп, немен, не үшін күресіп жүргенін сұрап білдік.

 

«Позовите Галю!», Ресей

 

Жоба бар, мейрамхана, дәмханалар мен көшеде жағымсыз назардан қорғауға бағытталған. «Позовите Галю!» әйелдерге тез әрі тегін көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тамақтану жерлердің басын біріктірген.

 

Фото: Александр Корольков/РГ

 

Жобаның басты мақсаты — әйел барған жерінде қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау. Алгоритм мынадай: харассментке тап болған әйел картадан пана болатын ұйымды тауып, оның кез келген қызметкеріне «Галяны шақырыңызшы!» деуі керек. Қызметкер сізді қауіпсіз жерге апарады, қажет болса полиция шақырады немесе артқы есіктен шығып кетуге көмектеседі. 

 

«Позовите Галю!» жобасының авторы, блогер Виктория Рахматулина (Ресей):

 

 

Меніңше, Галяны кез келген қыз бала «қажет ететін» сияқты. Мысалы, шорты киіп  көшеге шықсаңыз, ерлерге ол тым қысқа болып көрінеді, содан олар сізге обсессив түрде назар аудара бастайды, тесіліп қарап тұрады немесе жалғыз өзіңіз тамақ ішіп отырсаңыз, сізбен танысқысы келеді. Бір жаманы — олар танысқым келмейді дегенді түсінбейді. 

 

Кәтколлиң және харассменттің өзге де түрлері комплимент емес, бұл — адамның жеке кеңістігін бұзу. Комплимент — бұл секундта болатын дүние, ал харассмент кетіп болмайтын қорқыныш сезімі. 

 

Жобаның атауы кассашылар тауарды тізімнен алып тастау керек деп көмекке Галяны шақырады деген мемнен шықты. Қазір жоба Ресейде ғана емес, Украина мен Грузияда бар. Ондағы серіктестер саны 80-нен асады. 

 

Chalk Back, Нью-Йорк, АҚШ

 

Chalk Back халықаралық жастар қозғалысы — харассментті бор өнері арқылы жоюды көздейтін ұйым. 

 

Фото: @catcallsofnyc Instagram парақшасы

 

Қауымдастық #stopstreetharsment хештегін пайдаланып, әйел харассмент көрген жерде бормен хабарлама қалдырады. Кейін өзгелер де көрсін деп әлеуметтік желіде жариялайды.

 

Софи Сандберг, белсенді әрі Chalk Back жобасының авторы (АҚШ):

 

 

 

Харассментке алғаш рет 15 жасымда ұшырадым. Ер адамдар үсті-басыма қарап, «ммм», «керемет», «не деген әдемі аяқ» дегенде қорланғандай сезінетінмін. 

 

Ата-анам мұның бәрін «жай сөз» деп сендіретін. Әкем «жұрт назар аудармасын десең, басқаша киінсең қайтеді» деді. 

 

Менің осы жобадағы жұмысым — сол кездегі дәрменсіздігімнің нәтижесі.

 

Харассмент көрген басқа да адамдар шара қолданып, өздерін ешқашан кінәламаса екен деймін. 

 

Ешкім маған бейтаныс біреу тиіссе екен, ысқырып, жағымсыз сөз айтсын демейді. Кез келгеніміз далаға шыққанда қауіпсіз сезінуге лайықпыз. Кәтколлиң көптеген қыз-әйел, ЛГБТК+ өкілін қауіпсіз жерде жүрмін деген сезімнен айырады. 

 

Жоба алты құрлықты, 49 ел мен 200 қаланы қамтиды. Бізге Instagram желісінде 200 мың адам жазылған. 

 

Кез келген адам харассмент көргенін хабарлап, мәселесін көрсету үшін ұйым платформаларын пайдалана алады. Chalk Back тобының мүшелері Instagram, қоғамдық іс-шаралар мен харассментке қарсы семинарлар арқылы қоғамды өзгертуге ұмтылады. 

 

Tиіспе.kz, Қазақстан

 

Біздегі жағдай қалай? 2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан жастары ақпарат қызметінің қолдауымен «Тиіспе\Не трогай\No Harassment» деген қазақша жоба жарыққа шықты. 

 

Жоба жұмыс орнындағы сексуал харассмент мәселесіне арналған. Белсенділер осындай жағдай болғанда қайда бару керегін және мұнымен қалай күресуге болатынын айтады. 

 

Сондай-ақ жоба жетекшілері сексуал харассмент туралы заң қабылдануына ықпал етпекші. 

 

Әйгерім Ермекбай, Tиіспе.kz жобасының негізін қалаушы (Қазақстан):

 

 

Бізде жұмыста харассмент көрген әйелдің екі амалы бар. Біріншісі — лауазымына қарамастан жұмыстан шығу. Екіншісі — харассментке көніп жүре беру. 

 

Қазақстанда қырындап тиіскендерге жаза жоқ. 

 

Қазір парламент депутаттары сексуал зорлық-зомбылық туралы бапты өзгерткісі келеді. Бірақ бұл аздық етеді. Харассментке ұшырағандар мемлекеттік органдарға барып, айтқаны шын екенін дәлелдеп жүрмеуі керек. Біз нақты механизм болса екен дейміз. 

 

Біріншіден, бұл мәселені әуелі жұмыс орнындағы комиссия шешуі керек. Пайдасы болмаса, жәбірленген адам құқығын қорғау үшін органдарға өтініш жазады. Ал сотта мәселені сотқа дейін шешпеген жұмыс беруші жауапқа тартылуға тиіс. Сондықтан Еңбек кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де өзгертулер енгізген маңызды деп есептейміз.

 

Осы уақытқа дейін Қазақстанда сексуал харассментке қатысты бір ғана өтініш тіркелген. Бұл — барлық сотқа жүгінген Анна Белоусованың ісі. Анна жеңілгенмен жұмыс беруші одан іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп ақша талап еткен. 

 

Анна БҰҰ-ның әйелдер құқығы жөніндегі комитетіне жүгінуге мәжбүр болды. Ұйым Қазақстан шара қолдансын деп бірнеше ұсыныстар тастады, бірақ нәтиже шықпады. Елімізде бір әйел ғана харассментке ұшыраған сияқты көрінеді. Алайда олай емес. 

 

Құқық қорғаушылар жүргізген сауалнамаға сенсек, Қазақстанда әрбір үшінші әйел жұмысында жыныстық зорлық-зомбылық, харассментке ұшырайды екен. Бірақ «ұят» деген ұғымның кесірінен және заң жоғынан бұл туралы айтылмайды.

 

Мәселені үнсіз жауып қоймай, бірлесіп шешкен өте маңызды екенін ұмытпайық.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/12/2021 11:34
29055 0

Уведомление