Досаевтан отставкаға кетуді сұраған белсенділерді полиция ұстап әкетті

Ұстау кезінде оларға күш қолданған


24/08/2023
11:41 14245 0

Фото: Manshuk Assautay (RFE/RL)

 

Досаевтан отставкаға кетуді сұраған белсенділерді полиция ұстап әкетті. Бұл жөнінде журналист Инга Иманбай жазды.

 

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуі тиіс болатын. Полиция осы кездесудің алдында белсенділер Аружан Дүйсебаева мен Мейірхан Жолаевты себепсіз ұстап әкеткен. Ақпаратқа сүйенсек, полицейлер Дүйсебаеваға күш қолданған. 

 

26 шілдеде «Демократиялы Қазақстан» ютуб арнасының журналисі Аружан Дүйсебаева Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде Досаевтан отставкаға кетуді сұраған еді. Әкім журналиске «Мына жерге мені тағайындаған мемлекет басшысы» деп жауап берген.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

24/08/2023 11:41
14245 0

Уведомление