Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді
Кенесары Ресей империясына қарсы ең ірі көтеріліске жетекшілік еткен

Фото: Ашық дереккөзден
Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді. Бұндай шешімді жиында Жарқайнақ ауданының тұрғындары қабылдаған.
– Дауыс саны есептелді, бақылаушылар болды. 325 адам тіркелген, 321 бюллетень берілген. Қала атауын Кенесары деп өзгертуді 192 адам қолдаған, 125 адам қарсы дауыс берді. 4 адам қалыс қалды, – деп айтылған жиында.
Кенесары хан 1837-1847 жылдары Ресей империясына қарсы ұйымдастырылған ең ірі көтеріліске жетекшілік еткен.

Пікірлер жоқ.