Demoscope: Азаматтардың 40%-ке жуығы төтенше жағдай кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды


15/02/2024
15:59 7302 0

Фото: Demoscope 

 

Demoscope жүргізген «Қазақстанның төтенше жағдайға дайындығы» туралы сауалнама нәтижесі осыны көрсеткен.

 

Сауалнаманың негізгі түйіні:

 

▪️Азаматтардың 40%-ке жуығы ТЖ кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (32,9%) – биліктің ТЖ-ға дайындығына көңілі толады. Тағы 19%-і – мемлекеттік жүйенің дайындығы жоғары деңгейде деп есептейді;

 

▪️Азаматтар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықты көбірек ақпараттандырып және жемқорлықпен күресу керек деп ойлайды;

 

▪️ТЖ кезінде тұрғындарды ақпараттандыру сапасы бойынша: 60% жуығы –  ақпарат қолжетімсіз немесе жылдам ақпарат берілмейді немесе жеткілікті дәрежеде жылдам таратылмайды деп санайды.

 

▪️Сұралғандардың көбі (52,5%) халықты барынша көп ақпараттандыру және жиі оқу-жаттығу жүргізу ТЖ кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең тиімді тәсілі деп ойлайды.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

15/02/2024 15:59
7302 0

Уведомление