ДДCҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болады дейді
Қазақстанда 18-ге толғандар ғана коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады
Фото: rg.ru
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) 12–15 жасар балаларға коронавирусқа қарсы екпе салуға кеңес береді. Ұйымдағылар оларға Pfizer мен BionTech ұсынған вакциналарды салуға болады дейді.
«Коронавирус жұқтырған балалар мен жасөспірімдер ересектер сияқты қатты ауырмайды. Коронавируспен қатты ауыруы мүмкін азаматтар қатарына кірмесе, оларға вакцина салуға болады. Бірақ әуелі қарттар, созылмалы ауруы барлар мен медицина қызметкерлеріне екпе егу қажет», — дейді ДДCҰ коронавирусқа қарсы екпе туралы жаңа нұсқаулығында.
Ұйым балаларға арналған вакциналар әлі сыналып жатқанын атап өтті.
Мамырда АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасына санитарлық қадағалау жасайтын басқармасы (FDA) Pfizer екпесін 12–15 жасарларға егуге болады деп мақұлдады.
Қазақстанда 18-ге толғандар ғана коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады.
Пікірлер жоқ.