Дариға Назарбаевның күйеуінің қатысы бар зауыт мемлекет меншігіне өтеді
Қайтар Шәріпбаевтың қатысы бар зауыт мемлекет меншігіне өтетін болды
Фото: Азаттық радиосы.
Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан «GPC Investment» ЖШС компаниясы мемлекет меншігіне өтеді. Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
— «Tau Bereke Group» ЖШС-ның «GPC Investment» ЖШС компаниясындағы 100% үлесін республиканың меншігіне өткізу ұсынысы қабыл алынсын, — делінген үкімет қаулысында.
КазТАГ басылымының мәліметінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың «QazaqGaz» (КазТрансГаз) басшысы болып тұрған уақытта газ өңдеу зауытының құрылысына қатысы болған. Бұған дейін аталмыш зауытты мемлекет есебінен салу жоспарланған.
Қайрат Шәріпбаев «QazaqGaz» басшылығынан Қаңтар оқиғасынан кейін кеткен. 2 маусымда компания басқарма төрағасының міндетін атқарған Ибулла Сердиге іздеу жарияланған. Ол бұл орынға Шәріпбаев қызметінен кеткен соң тағайындалған. Ел арасында «Серди Шәріпбаевтың жүргізушісі болған» деген қаңқу сөз бар. Соңғы 20 жылда Ибулла Серди Шәріпбаевтың қоластында әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.
Маусымның 6-ы күні Шәріпбаев қызметінен кеткеннен кейін «QazaqGaz» жұмысынан жалпы құны 2,2 миллиард доллар болатын заң бұзушылықтар анықталған.
Пікірлер жоқ.