Бучадағы кигіз үй төңірегіндегі дау: Қазақстан Ресейге ресми жауап бермейді

Қазақстан Бучадағы кигіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқ


11/01/2023
12:45 21558 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстан Украинаның Буча қаласына орнатылған кигіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқ және Ресей билігіне оған қатысты ешқандай түсініктеме бермейді. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосына ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

 

– Киіз үй қойылды. Бұдан қандай проблема туындады? Қойылды. Көмек көрсетілді. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, өздері апарып, өздері көмектесіп жатыр, – деді Айбек Смадияров.

 

СІМ өкілі Бучада орнатылған кигіз үйден Қазақстан ешқандай мәселе көрмейтінін айтты. Оның сөзінше, қазір Украинада жағдай өте қиын, сондықтан бұл ақпарат басқаша көрініп жатуы мүмкін. 

 

Қаңтар айының басында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен Буча қаласында «Незламності» (Мызғымастық) пункті ашылған. Кигіз үй жылу мен жарық болмаған уақытта тұрғындар келіп, телефондарын қуаттап, жылыну үшін ашылған. 

 

Кигіз үйді қазақ бизнесмендері мен Украинадағы қазақ диаспорасы ашқаны жөнінде хабарланған. 

 

10 қаңтарда Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан билігін Бучадағы кигіз үйге байланысты түсініктеме беруге шақырған. Захарова Қазақстанның ресми өкілдері кигіз үйге қатысы жоғын айтқанын, десе де, Ресей-Қазақстан одақтастығына нұқсан келмес үшін ресми Астананың оған түсініктеме бергені абзал деп мәлімдеген. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/01/2023 12:45
21558 0

Уведомление