Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Оған «Қаңтар оқиғасы кезінде билікті асыра пайдаланды» деген айып тағылған

Фото: Ашық дереккөзден
Бектанов Қаңтар оқиғасы кезінде билікті асыра пайдаланғаны үшін 12 жылға түрме жазасына кесілді. Экс-министр жазасын ең қатаң жүйедегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді
Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін Бектановты қызметінен босатып, «басқарушылық қабілеттерін көрсетпеді» деп сынға алған. Осыдан кейін «әдейі әрекетсіздік танытқаны үшін» ұсталған.
Биыл 5 қаңтарда Бас прокуратура Бектановтың заңсыз бұйрық бергенін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ.