Бішкек тұрғындары ІІМ министрі оставкаға кетсін деп митиңге шықты

Оған үш жігіт алып қашқан қыздың өлімі түрткі болған


08/04/2021
13:25 43906 0

Фото: azattyq.org

 

Бішкек тұрғындары Ішкі істер министрлігінің алдына барып, митиң ұйымдастырып жатыр. Оған үш жігіт алып қашқан қыздың өлімі түрткі болған. Мұны «Медиазона Орталық Азия» хабарлайды

 

Жүздеген азамат «ІІМ министрі Ұлан Ниязбеков отставкаға кетсін, министрлік пен Бас ішкі істер басқармасының жұмысы ашық болсын, ал полиция азаматтарды дұрыстап қорғасын» деп талап қойып жатыр.

 

ІІМ өкілі ғимарат алдына шығып еді, бірақ сөз сөйлей алмады, митиңге келгендер оның сөзін қайта-қайта бөле берді.

 

5 сәуірде Бішкекте белгісіз үш жігіт Айзада Қанатбекова деген қызды көлікке тығып, алып қашып кеткен еді. 7 сәуірде қаланың іргесінен қыз мен бір күдіктінің денесі табылды. Полиция жігіт қызды тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін дейді.

 

Осындай алып қашуға тап болсаңыз, қайткеніңіз жөн? Біздің материалдан біліңіз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

08/04/2021 13:25
43906 0

Уведомление