Бішкек: Су бойынша Қазақстанның Қырғызстанға шағымы жоқ

Қырғыз су ресурстары қызметінің басшысы мәлімдеме жасады


24/08/2023
12:17 14024 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

23 тамызда өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары қызметінің басшысы Алмазбек Сокеев журналистер сұрағына жауап берді. Онда ол Қазақстанның су мәселесі бойынша Қырғызстанға шағымы жоғын айтты. 

 

– Олар судың жетпеуін түсінікпен қабылдады. Мәселе жоқ екенін және осыған дейін жіберілген су көлеміне алғыс білдіретінін айтты. Қазақ әріптестерімнің айтуынша, шекара жабылғаны су мәселесімен байланысты емес, – деді Сокеев.

 

2тамызда Жамбыл обысының Меркі, Қордай, Рысқұлов, Талас аудандарында ағын судың тапшылығы мен күн ыстығына байланысты төтенше жағдай жарияланған. Жамбыл облысының шаруалары пайдаланатын судың 8пайызы Қырғызстаннан келеді. 

 

Қазақстан билігінің мәліметінше, биыл Қырғызстаннан келетін су көлемі 10 есеге азайған. Қырғыз тарапы тамыздан бастап Жамбыл облысына су жіберуді тоқтатқан. 

 

Қырғызстан Талас өзені бойында орналасқан Киров су қоймасындағы су көлемі былтырмен салыстырғанда 144,8 миллион текше метрге азайғанын айтады. Былтыр бұл көрсеткіш 177,28 миллион текше метр болған.

Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір Қырғызстанның Талас облысында да су тапшы болып отыр, бұл облысқа Киров су қоймасынан секундына 1,3 текше метр су жіберіледі. Былтыр осы уақытта секундына 13,7 текше метр су жөнелтілген.

Жамбыл облысында су тапшылығы күшейген уақытта қазақ-қырғыз шекарасында көлік кептелісі пайда болды. 22 тамызда Қырғызстан шекара қызметі «Ақ-Тілек» өткізу бекетінде 370 көлік өте алмай тұрғанын, таңғы тоғыздан, кешкі алтыға дейін Қазақстан тарапы үш көлік ғана өткізгенін хабарлады. Бекетте көлік кептелісі 2тамызда пайда болған. 

Қырғызстан шекара қызметі өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстан шекара қызметкерлерінің кездесуінде қазақ тарабы шекарада ешқандай шектеу жоғын айтқан.

Сол күні ҰҚК-ның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі көбейген тұста мәлімдеме жасап, шекара маңында ешқандай шектеу енгізілген жоқ деген. Қазақстанның шекара қызметі шекара маңында және өткізу бекеттерінде заңға қайшы әрекеттерді болдырмас үшін кешенді шара жүріп жатқанын айтқан.

23 тамызда Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы «Кен-Булун» тексеру-өткізу пунктінде жүк көліктерінің кезегі пайда боланын хабарлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

24/08/2023 12:17
14024 0

Уведомление