Әбілязовтың ісі Франция ұлттық сотына жетті
Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовтың соты Франция ұлттық сотында қаралады
Францияның босқындар мәселесі бойынша соты оппозицияылық саясаткер Мұхтар Әбілязовтың ісін қарамақ.
EU Reporter басылымының мәліметінше, Францияның босқындар мәселесі бойынша соты Мұхтар Әбілязовтың ісін қарауға дайындалуда. Сотта Әбілязовтың Франция аумағында саяси босқын болып қалу немесе экстрадициялау мәселесі шешіледі.
– Босқын-миллиардер Мұхтар Әбілязов жақында Францияда саяси босқын болып қала ма, жоқ әлде алаяқтық айыбымен еліне экстрадициялана ма білетін болады. Ұзаққа созылған Әділязов ісі Францияның Ұлттық босқындар ісі сотына дейін жетті. Ол жақында олигархқа қатысты шешім шығаруы тиіс, – делінген мақалада.
Пікірлер жоқ.