Белсенді Тимур Дәнебаевтың түрмеде азапталуы: 11 адам жұмыстан шығарылды

Оны «дәретхана тазаламағаны үшін» соққыға жыққан


06/09/2023
11:18 13652 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақмола облысы Атбасар елді мекеніндегі колониясында белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, азаптап жатқан видео тарағаннан кейін 11 түрме қызметкері жұмысынан босатылған. Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап Азаттық радиосы хабарлады. 

 

Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы мен оның орынбасары, сондай-ақ колония бастығын қызметтерінен босату ұсынылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, бірақ істің қай бап бойынша қаралып жатқаны белгісіз.

 

Тимур Дәнебаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қаңтарда елге 20 мың террорист келді деп жалған ақпарат таратты» деп айыптап, оны жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арыз жазған. Кейіннен 2023 жылдың маусымында оның өзінің үстіненен «ұлтаралық араздық тудырды» деген айып тағылып, 3 жылға сотталған.

 

4 қыркүйекте әлеуметтік желіде белсендінің түрмеде азапталып жатқаны бейнеленген видео тараған. Видеода мекеме қызметкерлерінің Тимур Дәнебаевты «дәретхана жумағаны үшін» соққыға жыққанын көруге болады. 5 түрме қызметкері Дәнебаевтың қол-аяғынан басып отырып, алтыншысы дубинкамен оның аяғынан бірнеше рет ұрған.

 

Ескерту: Осы ақпарат шыққаннан кейін қызметкерлердің жұмыстан босатылғаны туралы хабарлама ҚАЖК ресми сайтынан өшірілді.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

06/09/2023 11:18
13652 0

Уведомление