Белсенді Әсем Жәпішева 15 тәулікке қамалды
Ол Алматыда пикетке шыққан
Видео скрині
Жәпішева не үшін пикетке шықты?
Бүгін таңертең белсенді Әсем Жәпішева Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек пен журналист Руслан Бикетовты қолдап пикетке шыққан.
Бес минут өтер өтпестен полиция жасағы белсендіні күштеп, көлікке салып алып кетті.
Еңсебек пен Бикетов қандай жаза арқалады?
18 қаңтарда Темірлан Еңсебек екі айға қамауға алынды. Полиция оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тақты. Енсебектің жақтастары бұл қудалаудың саяси астары бар деп санайды.
19 қаңтарда оны қолдап пикетке шыққан журналист Бикетов 15 тәулікке қамалды.
Жәпішева пикетке “Сатира қылмыс емес!” деп жазылған плакат ұстап шықты.
Адвокат не дейді?
Әсем Жәпішеваның адвокаты Ғалым Нұрпейісов полиция бөлімшесіне кіріп шықты, деп хабарлайды «Тіл кеспек жоқ» Телеграм арнасы.
Оның сөзіне қарағанда, журналиске әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың 488-бабы, 7 тармағы бойынша хаттама толтырылған. Сот бүгін онлайн өтеді.
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзіне қарағанда, Әсем Жәпішеваға психологиялық қысым болып жатыр.
Журналист 2023 жылғы 16 желтоқсанда пикетке шыққан. Бұл іс сотқа жетпеген. Ал полиция осы екі жыл бұрынғы істі қозғаймыз деп қорқытқан. Адвокат бұл істің мерзімі өтіп кеткенін айтты.
Пікірлер жоқ.