Белсенді Марат Жыланбаев сайлаудан шеттетілді

Сот оған айыппұл салған


14/03/2023
14:26 19034 0

Фото: Saken Zhurgen-ның Facebook парақшасынан

 

Астана қаласының N1 cайлау округының комиссиясы Мәжіліс депутаттығына үміткер Марат Жыланбаевты сайлаудан шеттетті. Бұл жөнінде ол 9 наурызда Facebook парақшасында жазған. Белсендінің сайлаудан шеттетілуіне Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі себеп болған. 

 

Жыланбаевты 24 ақпанда «тыйым салынған уақытта сайлауға үгіт-насихат жасады» деген айыппен айыппұл салынған. Сот оның 29 қаңтарда Facebook парақшасында жарияланған «сайлауға қаржы жинау» туралы постын үгіт-насихат деп танып, 51 750 теңге айыппұл салған. Белсендінің өзі жазбасын кандидат куәлігін алғанға дейін өшіріп тастағанын айтқан. 

 

1наурызда Жыланбаев Орталық сайлау комиссиясын сотқа берген. 

 

Бұдан бөлек, белсенді Астана әкімдігіне 19 наурызда митинг өткізуге ескерту хат жолдаған. Ол «заңсыз сайлауға» қарсы митинг өткізбек. Жыланбаевтың сөзінше, осы уақытқа дейін қалалық әкімдік митинг өткізуге 13 рет рұқсат бермеген. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

14/03/2023 14:26
19034 0

Уведомление