Беларусьте саяси тұтқын сот залында өзіне қол салмақ болды
Ол қазір ауруханада, жағдайы белгісіз
Фото: bbc.com
Беларусьте саяси тұтқын Степан Латыпов сот залында өзіне қол салмақ болып, қаламмен тамағын кескен. Ол қазір ауруханада, бірақ қандай халде екені белгісіз. Мұны BBC Орыс қызметі хабарлады.
Tut.by сайтының мәліметінше, оқиға тұтқынның әкесі куәгер ретінде сөз сөйлеп жатқанда болған.
— Әке! Маған ГУБОП келген. Кінәні мойындамасам, «пресс-хатаға» (тұтқындарды азаптауға арналған камера — ред.) қамалатынымды, туыстарым мен көршілерімнің үстінен іс қозғалатынын айтты. «Пресс-хатада» 51 күн болдым. Сондықтан дайындала бер, — деген айыпталушы өзін жаралар алдында.
Степан Латыпов — былтырдан бері президент сайлаудың ресми қорытындысына қарсы шығып жүрген белсенді. Оған «қоғам тәртібін бұзды», «милицияға бағынбады», «ірі алаяқтық жасады» деген айып тағылып отыр.
2020 жылы 9 тамызда өткен президент сайлауда елді 27 жыл бойы басқарып отырған Александр Лукашенко жеңіске жеткен еді. Халық сол күннен бері ресми қорытынды бұрмаланды деп көшеге шығып жүр.
Саяси тұтқын деген — пікірі, саяси көзқарасы үшін түрмеде отырған адам. Қазақстанда да саяси тұтқын жетерлік. Мына жерден толығырақ оқыңыз.
Пікірлер жоқ.