Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің ісін қайта қараудан бас тартты

Жұмбақ жағдайда көз жұмған оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімін қайтадан тексеруді сұрап, бас прокуратураға жазған өтінішіне жауап алғанын мәлімдеді


25/04/2022
16:23 33814 0

Жұмбақ жағдайда көз жұмған оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімін қайтадан тексеруді сұрап, бас прокуратураға жазған өтінішіне жауап алғанын мәлімдеді.  Оның сөзінше, прокуратура «істі қарауға негіз жоқ, Заманбек Нұрқаділовтің өлімі суицид» деп жауап берген. 

 

Мен олар істі қайта қарайтын шығар деп ойлаған едім. Прокуратура жеті томдық істі архивтен алып, қарады. Істі қайта қарауға негіз іздеп жатқан болар деген үміт болды. Енді міне "ол суицид болған, әрі қарай қаралмайды" деген жауап келді. "Іс дұрыс жүргізілген" дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Біріншіден, "адам өз-өзін үш рет атпайтынын түсінесіздер ғой" дедім. Екіншіден, мені сол кезде қорқытып, бұл «суицид» болады деп айтты ғой, дегеніме де қараған жоқ. Енді не істерімді, кімнен көмек сұрарымды білмеймін, — деді саясаткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Азаттық» радиосына.

 

Оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада Алматы қаласындағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Ресми тергеу «Нұрқаділов өз-өзін екі рет денесінен, бір рет басынан атып көз жұмды» деген қорытынды шығарған. Бірақ оппозиция өкілдері «оны қастандықпен өлдірді» деген. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

25/04/2022 16:23
33814 0

Уведомление