Бас прокуратура Қаңтарда оққа ұшқан 12 жасар Сұлтанның қазасын тергеуді тоқтатты

Бас прокуратура жазуынша, істің тоқтауына «қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмауы» себеп


22/12/2022
16:15 22500 0

Бас прокуратура Қаңтарда Алматы қаласында оққа ұшқан 1жасар Сұлтанның қазасын тергеуді тоқтатты. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосына оның анасы Гауһар Кәрімбекова хабарлады. 

 

Кәрімбекова 22 қазанда Алматыдағы жемқорлыққа қарсы қызмет «марқұм ұлының қазасын тергеуді баяу жүріп жатқанын» жазып, Қазақстан президенті әкімшілігіне арыз жібереді. Олар хатты Бас прокуратураға бұрған. Ведомство бір жарым айдан соң, 9 желтоқсанда хат арқылы Сұлтан Қылышбектің қазасы бойынша қозғалған қылмыстық тергеу тоқтатылғанын хабарлаған.

Бас прокуратура жазуынша, істің тоқтауына «қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмауы» себеп. Кәрімбекова бұл хабарды «ауыр қабылдағанын» айтады.

— Алматыдағы полиция департаментінің тергеушісі істі жүргізіп жатты. Менімен хабарласып тұрды, бірнеше рет сұрақ қоюға шақырды. Сұлтанның денесін эксгумациялап, сараптама жүргізді. Оқ Әуезов аудандық полиция басқармасы ғимаратының қай қабатынан атылғанын анықтау үшін лазерлік траектория жасады. Сосын тергеуші «мен істі жемқорлыққа қарсы қызметке өткізуім керек» деді. Мен ондағы тергеушіні өзім іздеп тұрдым. «Іс оңай емес, тергеп жатырмыз» деп жауап берді. Бірақ өздері менімен байланысқа шықпады, — деді Кәрімбекова Азаттыққа.

Кәрімбекова Алматыдағы полиция департаменті де, жемқорлыққа қарсы қызмет те тергеутоқтағаны туралы «өзіне бір хабар бермегеніне» наразы.

— Шағымдануды жалғастырамын. Басында менде бір сенім болды. Тергеушілерге «Баламды кім атқанын тауып бересіздер деп сенемін» дедім. Қазір сенбеймін. Оларға бұл істі әділ тергеу тиімсіз сияқты. Бірдеңе жасырып тұрған сияқты, — дейді Керімбекова.

Сұлтан Қылышбек — Қаңтар оқиғасында қаза болған екі баланың бірі. Ол 5 қаңтарда анасымен бірге дүкенге шығып, Әуезов ауданы полиция басқармасының алдында оққа ұшқан. Оқ баланың бас сүйегін шашып жіберген.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

22/12/2022 16:15
22500 0

Уведомление