Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасының 95% шындығын білеміз. Бірақ ол жақындарына ауыр тиюі мүмкін
Құқық қорғаушылар мәліметінше, Қанды Қаңтарда ұсталған 10 мың адамның 70 пайызы азапталған
Фото: Азаттық радиосы
Бас прокуратура Қанды Қаңтар шындығын жариялауға не кедергі екенін айтты. Тимур Тәшімбаевтың сөзінше, қаза тапқандардың туыстарына бұл ақпараттар ауыр тиюі мүмкін.
– Нақты мәліметтер бізде бар. Ол жайлы айтылды да. 238 адам қайтыс болды. Оның ішінде 19-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Егер белгілі бір адамдардың қалай көз жұмғаны туралы айтар болсақ, сол оқиғалардың 95% шындығы бізге белгілі. Бірақ қайтыс болған адамдар қандай жағдайда өмірден озғаны олардың туыстарына, жақындарына ауыр тиюі мүмкін. Қоғамдық пікір деген де бар. Қайтыс болғандардың көршісі, достары, жолдастары, туыстары бар. Бірақ ол жағдайлардың бәрі бізге белгілі, – деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев баспасөз мәслихатында.
Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапқан. Оның ішінде алты адам тергеу изоляторында өлген. Құқық қорғаушылар мәліметінше, Қанды Қаңтарда ұсталған 10 мың адамның 70 пайызы азапталған.
Пікірлер жоқ.