Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың есімін жариялаудан бас тартты
Ақпарат «тергеу құпиясына» жатады екен
Фото: tengrinews.kz
Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың аты-жөнін жарияламайтынын айтты. Себебі ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректеріп жариялауға жол бермеу») сай «тергеу құпиясына» жатады. Мұны құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.
Бұрын Төреғожина бастаған Qantar2022 еріктілер тобы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде опат болғандардың тізімін жариялаған еді. Онда 173 адамның аты-жөні көрсетілген.
Ресми дерекке сай, Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде 225 адам көз жұмған.
Пікірлер жоқ.