Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасына 12 қылмыстық ұйым қатысқан
Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына 12 қылмыстық топ қатысқанын, әуежай полициясының бастығы қамалғанын мәлімдеді
Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Онда ол Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу деректерімен бөлісті.
— Арнаулы прокурорлар тәртіпсіздікке 12 қылмыстық ұйым қатысқанын анықтады. Оның ішінде "Дикий Арман" аталып кеткен Арман Жұмагелдиев, "Қазақсандық" және "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық топтары белсене араласқан. Қылмыстық топтардың 23 мүшесі мен 4 қылмыстық "авторитет" қамауға алынды, — деді Қилымжанов.
Қилымжановтың сөзінше, «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен 547 адам күдікті санатына қосылып, 269 адам қамауға алынған.
Қилымжанов мұнан өзге, Қаңтар оқиғасы кезінде "Анна" қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына, Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция департаментіне «шабуыл» жасаған адамар ұсталғанын мәлімдеді, бірақ олардың аты-жөндерін айтпады.
Пікірлер жоқ.