Бас прокуратура «21 адам Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды» деп таныды. Бірақ олардың кім екенін айтпады

Прокуратура өкілі әскери қызметкерлерге «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмағанын айтты


28/12/2022
12:52 33245 0

Фото: Reuters

 

2адам Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деп танылған. Бұл жөнінде Бас прокуратура мәлімдеді. 

 

Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Азаттық» радиосына берген сұхбатында күдіктілер ісі «адамдарды ұйымдастыру», «қару ұрлау» айыптары бойынша сараланғанын айтты. Бірақ ол күдіктілердің кімдер екенін ашып айтпады. 

 

– Қаңтар оқиғасы ұйымдастырылған, артында тұрған күштер болды. Қандай күштер болғанын әлі анықтаймыз. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр деді Ожаров 

 

Прокуратура өкілі әскери қызметкерлерге «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмағанын, әскерилер үстінен «қызметін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істер ғана барын айтады.

Азаттық тілшісі Ожаровтан «президент Тоқаев қаңтарда шетелден бандиттер келді деген, олар қай елден келгені анықталды ма?» деген сауалына «қазіргі уақытта ондай ақпарат жоқ» деп жауап берді.

Азаттық тілшісі прокуратура өкілдерінен ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің (Қаңтарда «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен ұсталған) ісі жайлы да сұрады. Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қазір соты жүріп жатқан Кәрім Мәсімовтің ісін тергеумен ҰҚК айналысқанын айтты.

Ал Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов Мәсімов ісіне байланысты қоғамда сұрақ көп екенін айта келе, «оған қандай баптар бойынша айып тағылғаны белгілі, енді өздеріңіз саралап, ойластыра беріңіздер» деді.

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

28/12/2022 12:52
33245 0

Уведомление