БҰҰ: Қазақстан Ержан Елшібаевты заңсыз қамады

«Саяси тұтқын» Ержан Елшібаев біреуді ауыр жарақатты деген айыппен бас бостандығынан айырылған еді


03/06/2021
12:30 41032 0

Ержан Елшібаев. Фото: vlast.kz

 

БҰҰ-ның жұмыс тобы Қазақстан Ержан Елшібаевты түрмеге қамарда адам құқығының халықаралық нормаларын бұзды деп, тұтқынды дереу босатуды талап етті. Мұны ұйымға Елшібаевты шығару туралы үндеу жолдаған Freedom Now хабарлады

 

БҰҰ Қазақстан Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің бірнеше бабын бұзды деп отыр. 2006 жылы Қазақстан осы пактіге қол қойып, ратификациялаған еді. Бұл дегеніміз мемлекет сол құжатта көрсетілген барлық адам құқығын бұзбауға, қорғауға тиіс. 

 

2020 жылы 10 желтоқсанда жұмыс тобы тұтқынды босатуға үндеп, Қазақстан үкіметіне хат жолдаған екен. Бірақ жауап келмеген. 

 

— Ержан Елшібаев заңсыз қамалды. Ол түрмеде жәбір, қысым көріп жүр ме деп алаңдаймыз, — дейді Freedom Now. 

 

Ержан Елшібаев — Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесін көтерген белсенді. 2019 жылы ол «бір төбелесте адамды ауыр жарақаттады» деген айыппен бес жылға қамалды. Қазір Қызылорда түрмесінде отыр.

 

Туыстары оның абақтыда соққыға жығылғанын айтқан еді. Түрме басшылығы мұны жоққа шығарды. 

 

Құқық қорғаушылар Ержанды саяси тұтқын дейді. Саяси тұтқын деген кім, олардың басқа тұтқындардан қандай айырмашылығы барын мына жерден біліңіз. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

03/06/2021 12:30
41032 0

Уведомление