«Азов» жасағының командирлері соғысқа қайта бармақ
Ресей Украина мен Түркияны келісімді бұзды деп айыптады
Фото: Ашық дереккөзден
Украинаның Мариуполь қаласы мен «Азовсталь» зауытын қорғап, кейіннен тұтқынғы түсуге мәжбүр болған «Азов» жасағының командирлері ұрыс қимылдарына тағы араласатынын мәлімдеді.
Түркияның Стамбұл қаласынан Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге Киевке ұшып келген «Азов» жасағының командирі Денис Прокопенко Львов қаласында журналистермен кездесіп, алдағы уақытта соғыс қимылдарына араласатындарын хабарлады.
«Азов» жасағының бес командирінің президент Владимир Зеленскиймен бірге Украинаға оралғаны туралы 8 шілдеде белгілі болған. Оларды Украина билігі ресейшіл депутат Виктор Медвечукпен айырбастап, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның кепілдігімен соғыс аяқталғанға дейін Стамбұлда тұратын болған.
Ресей Украина мен Түркия келісімді бұзды деп айыптады. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, «Азов» жауынгерлерінің Украинаға қайтарылатыны туралы ешкім хабар бермеген.
Пікірлер жоқ.