Қазақстанның мемлекеттік қарызы 8 жылда бес есеге өскен
Мемлекеттік қарыз бес есеге өскен
—Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарыздың өсуіне, үкіметтің қарыз алуына әсер етті. Осылайша, 2013 - 2021 жылдар аралығында мемлекеттік қарыз ЖІӨ шаққанда 12,5 пайыздан, 27,4 пайызға дейін өсті. Осы кезеңде номиналдық мемлекеттік қарыз 4,4 трлн теңгеден 22 трлн теңгеге ұлғайды, — делінген ҚР мемлекеттік қаржысын 2030 жылға дейін басқару концепциясы жөніндегі құжатта.
Мемлекетткік қарыздың 80 пайызы үкіметке тиесілі.
—Үкімет қарызының өсуі қызмет көрсету шығындарының көбеюіне алып келді. Республикалық бюджеттің үкімет қарызына байланысты шығындары 2013 жылы 177,3 млрд теңге болса, 2021 жылы 977,7 млрд теңгеге жеткен, — делінген құжатта.
Пікірлер жоқ.