Қазақстандықтардың жартысынан көбі биліктің Қанды Қаңтар жөніндегі ресми ақпаратына сенбейді
Ресми нұсқаға сенбейтіндердің саны жоғары
Фото: BBC / Тимур Нусимбеков
Қазақстандықтардың жартысынан көбі биліктің Қаңтар оқиғасына байланысты ресми ақпараттарына сенбейді.
Demoscope қоғам пікірін сараптау бюросы қазақстандықтардың Қаңтар оқиғасына көзқарасы жөнінде әлеуметтік сауалнама жасады. Оның қорытындысы бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 38% «Қаңтар оқиғасын билікті басып алу үшін белгісіз арандатушы күштер ұйымдастырды» деп есептейді. 28% - ы «Қаңтарда бейбіт жиын болды, тек арасында тәртіпсіздік» болды деп санайды. Тек 14,7% биліктің «елге террористер келді» деген нұсқасына сенеді.
Респонденттердің үштен екісі халыққа ескертусіз оқ ату мен азаптауларды сынайды, дұрыс емес деп есептейді. 11% және 7% биліктің бұл шешімін қолдайды. 42% шеруді күшпен таратуды дұрыс деп санайды. 37% оған қарсы пікірде.
Қазақстандықтардың 53% биліктің Қаңтар оқиғасына байланысты ресми ақпаратына сенбейді. 27% ресми ақпараттың растығына сенеді.
Пікірлер жоқ.