Қазақстандағы жылдық инфляция 7,4 % болған
Мамандар тауар бағалары биыл 6,7 % өседі деп болжап отыр
Фото: inbusiness.kz
Қазақстандағы 2020 жылғы ақпан пен 2021 жылғы ақпан арасындағы инфляция 7,4 % болған. Мұны Vласть Ұлттық банкінің басшысы Ербол Досаев айтты деп хабарлады.
Досаевтың айтуынша, инфляцияға көбіне азық-түлік бағасының көтерілуі әсер еткен. Олардың бағасы қаңтар мен ақпан аралығында 11,4 %-дан 11,6 %-да дейін өскен.
Ал азық-түліктен басқа тауарлардың инфляциясы 5,3 %-дан 5,2 %-ға, ал ақылы қызметтердікі 4,1 %-дан 3,9 %-ға төмендеген.
Досаевтың сөзінше, мамандар 2021 жылғы инфляция 6,7 % болады деп болжап отыр.
Инфляция — тауар мен қызмет бағасының өсуі ( бағаның құнсыздануы). Бағаның көтерілуі — экономикада жиі болып тұратын процесс, себебі баға үнемі бір орында тұрмайды ғой, бірақ егер инфляция жоғары деңгейде болса (баға жылына 10 % артатын болса), бұл азаматтарға да, бизнеске де, мемлекетке де кесірін тигізеді. Баға жылына 6 %-ға дейін өсіп отырса, жақсы. Мына жерден инфляция туралы толығырақ оқыңыз.
Пікірлер жоқ.