Қазақстанда жаңа партия құрғысы келетіндер кімдер?

Соңғы уақыттары Қазақстанда партия құрамын деушілердің саны көбейді.


04/04/2022
11:55 3754 0

Соңғы уақыттары Қазақстанда партия құрамын деушілердің саны көбейді. Осыған байланысты бүгін сол партияларға (әлі тіркелмеген) қызқаша шолу жасап көруді жөн көрдік. 

 

«Демократиялық» партия

 

2019 жылы қазанда Жанболат Мамай, Төлеген Жүкеев, Әсел Жаңабаева бастаған бір топ азамат «Қазақстанның Демократиялық партиясын» құратындарын мәлімдеді. 2020 жылы 22 ақпанда Алматыда «Демпартия»-ның алғашқы құрылтайы өтуі тиіс болған. Бірақ құрылтай белгіленген уақытта өтпей қалған. Кейіннен Жанболат Мамай ұйымдастыру тобының бұл шешімін аймақтарда жақтастарының ұсталып жатқанымен байланыстырған. «Демократиялық партия» соңғы үш жылда «несиелік амнистия»,  «жер мәселесі» сияқты қоғамдағы өзекті мәселерге байланысты бірнеше рет митинг өткізген. Ел арасында қанды қаңтар аталып кеткен Қаңтар оқиғасы кезінде де Жанболат Мамай бастаған партия мүешелір халықты Жаңаөзен халқын қолдап алаңға шығуға шақырған. Партия 2021 жылы 10 қаңтарда өткен парламент сайлауына бойкот жариялаған. Қазір Жанболат Мамай тергеу изоляторында отыр. Оған «жалған ақпарат тарату» айыбы тағылған.  

 

«Намыс» партиясы

 

Наурыздың 17-і күні кәсіпкер, саясаттанушы Санжар Боқаев «Намыс» цифрлық партиясын құратынын мәлімдеді. 

 

Партияның басты құндылығы – адам. Біздің халқымыз – еліміздің басты капиталы. Ал әр азаматтың құқығы мен бостандығы – ең жоғары құндылық. Бірақ біз қазір басты капиталымызды жоғалтып жатырмыз. Әсіресе, жастарымызды, олар шетелге кетіп жатыр, — деді Боқаев баспасөз мәслихатында.

 

Санжар Боқаев соңғы уақыттар автокөліктерден алынатын утильизациялық алым мәселесін көтеріп елдің көзіне түскен. Оған дейін Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, «Нұр Отан» (қазіргі Аманат) партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, ҚР президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында қызмет атқарған. 

 

«Ел тірегі» партиясы

 

2020 жылы қарашада Нұржан Әлтаев «Ел тірегі» өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының жаңадан партия құрғанын, оған өзін басшылық қызметке шақырғанын мәлімдеген. Ол уақытта Әлтаев парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі болған. 

 

—Монополия жақсылыққа апармайды. Мен «Нұр Отан» партиясы саяси реформаларды жасауды қолға алады деп күтудемін. Егер реформалар жүзеге асырылатын болса, онда мен партияда қаламын, ары қарай да белсенді жұмыс істеймін. Егер «Нұр Отан» реформалар жасамайтын болса, онда мен партиядан кетуге мәжбүр боламын, — деген Әлтаев сол уақытта.

 

«Ел тірегі» партиясы соңғы екі жылда бірнеше рет митинг өткізген. Нұржан Әлтаев бастаған партия мүшелері әкімшілік қамауға да алынған. 

 

 

«Байтақ» халықтық экологиялық партиясы

 

2 наурызда Ирак Елекеев, Азаматхан Әміртай, Дос Нұр-Ахмет, Виктор Сейпульник бастаған азаматтар жақын уақытта «Байтақ» халықтық экологиялық партиясының құжаттарын әділет министрлігіне тапсыратындарын хабарлады. Жиын барсында қатысушылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның саяси жаңғыруына байланысты бастамаларын қолдайтындарын мәлімдеді. 

 

«Қазақстан халық конгресі»

 

Ақпанның 28-і күні ақын Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» өз жұмысын қайтадан жандандыратынын хабарлады. Ол бұны Тоқаевтың билік басына келуімен байланыстырды. Сүлейменов өз сөзінде «оның (Тоқаевтың -ред) қолынан келеді, оған көмектесу керек» деді. 

 

«Қазақстан халық конгресі» 1991 жылы партия болып құрылған. Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов теңтөраға  болды. Шаханов 1993 жылы партиядан шығып, Қырғызстанға елші болып кетті. Артынша, 1995 жылы Сүлейменов Италияға елші болып аттанды. Осыдан кейін партия саясат сахнасынан кетті. 

 

Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда саяси өмір жанданғандай болды. Жоғарыда аталған партиялардан бөлек, Болат Әбілов сияқты бұрын оппозицияда болып, кейіннен саясаттан кеткен азаматтар халық алында қайтадан шыға бастады. Ол соңғы берген сұхбаттарында жаңа саяси партия құруға ниетті екенін айтты. Әзірге Әбіловтың «Азат» партиясы бар ма, жоқ әлде тарих қойнауына кетті ме белгісіз. 

 

Қазір Қазақстан заңды тіркелген алты партия бар. Оның үшеуі «Аманат» (бұрынғы Нұр Отан), «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия) парламентте отыр. Қалған «Ауыл» мен «Адал» партиялары 2021 жылы өткен сайлауда қажетті дауыс жинай алмай, парламентке өтпей қалған. Ал өзін оппозиция

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

04/04/2022 11:55
3754 0

Уведомление