Қазақстанда жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
Бұрынғы министр Мұрат Бектанов бұл лауазымда төрт ай отырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қорғаныс министрін тағайындады дейді Ақорда сайты.
«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», — делінген президент бұйрығында.
Тиісінше, қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қызметінен босатылды. Бұл лауазымға ол биылғы тамызда тағайындалған еді.
Руслан Жақсылықов бұрын ішкі істер министрінің орынбасары әрі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болды.

Пікірлер жоқ.