Қазақстанда утилизациялық алымды жинауға енді мемлекеттік ұйым жауапты болады

Үкімет «ӨКМ операторын» утилизациялық алымды жинау құқығынан айырды


19/01/2022
11:36 36046 0

Фото: vlast.kz

 

Қазақстан үкіметі «ӨКМ операторы» ЖШС-ны утилизациялық алымды жинау құқығынан айырды. Енді бұл алымға мемлекеттік ұйым — «Жасыл даму» АҚ жауапты болады

 

Министрлер кабинеті ЖШС-ның утилизациялық алымнан түскен қорын мемлекет меншігіне өтеді деп қаулы шығарды. 

 

Утилизациялық алым — Қазақстанға шетелден әкелінетін автокөліктерге салынатын салық. Жеңіл көліктер үшін берілетін алым көлемі 459 мың теңгеден басталады. 

 

Жұрт осы алымды жинап келген «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі дейді. 

 

11 қаңтарда Мәжілісте сөз сөйлегенде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ операторын» жауып, утилизациялық алымды жинау құқығын мемлекеттік ұйымға беру қажет екенін айтқан еді.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/01/2022 11:36
36046 0

Уведомление