Қазақстанда тұрғын үй бағасы шарықтап барады

Қазақстанда соңғы бір жылдықта тұрғын үй бағасы 20% қымбаттаған


09/06/2022
10:47 31984 0

Фото: Ашық дереккөздерден

 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша, жаңа тұрғын үйлердің жылдық бағасы 19,3% өскен. Екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы 27,9%, пәтер жалдау құны 22,8% қымбаттаған.  

 

Жаңа тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Астана көш бастап тұр. Елордада соңғы бір жылда бірінші нарықтағы пәтерлер бағасы 27,2% өскен. 

 

Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы Талдықорғанда бір жылда 48,6% қымбаттаған. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Пәтер жалдау құны Алматыда бір жылда 49,9өскен. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

09/06/2022 10:47
31984 0

Уведомление