Қазақстанда телефон коды өзгертілуі мүмкін
+7 +997 болып өзгертілмек дейді министр Бағдат Мусин
Фото: visasam.ru
Қазақстанда телефон коды +997 деп өзгертілуі мүмкін. Мұны Цифрлық даму, инновация мен аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Facebook-тен хабарлады.
Код өзгерсе, Қазақстан азаматтары басқа елге қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады.
— КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген еді. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды резервке қойылды!
Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр, — дейді министр.
Қазақстанда телефон нөмірлері +7 деп басталады.
Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз.
Пікірлер жоқ.