Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылауға арналған сайт іске қосылды

opentemder.kz сайтының скрині
Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларға мониториң жасауға мүмкіндік беретін Opentender.kz сайты іске қосылды.
Оны «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен «Прогресс ҮЕҰ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марал Әбдіреисов жасаған.
— Бұл құрал арқылы журналистер, атқарушы органдар (әкімдіктер — ред.), Қазақстанның белсенді тұрғындары мемлекеттік сатып алу мәліметтерін сараптап, күдікті сатып алуларды іздей алады, — делінген қордың Instagram парақшасында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, елдегі әрбір алтыншы жемқорлық қылмысы мемлекеттік сатып алу саласында жасалады екен. Бұрын біз мемлекеттік сатып алудың не екенін түсіндіргенбіз. Оқи отырыңыз.

Пікірлер жоқ.