Қазақстанда биыл да Жеңіс парады өтпейді
Мәскеудегі парадқа қырғыз президенті ғана барады

Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеген БАҚ биыл да 9 мамырда әскери парад өтпейтінін хабарлады. Министрлік бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында әскери бөлімдерде патриоттық шағын іс-шаралармен шектелетінін айтқан.
Қорғаныс министрлігі 2022 жылы да ақша үнемдеуді алға тартқан. 2020 және 2021 жылдары парад COVID-19 індетіне байланысты өтпеген.
Биыл Ресейдің Украинамен шекарадағы облыстарында да 9 мамырға байланысты парад өтпейді.
Ресейдің «Ведомости» басылымы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына шетелден тек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысатынын хабарлаған. Былтыр Мәскеудегі парадқа Орталық Азия елдері басшыларының ешқайсысы бармаған.

Пікірлер жоқ.