Қазақстанда 10 мың адам банкрот деп танылуы мүмкін
Сот шешімінен тыс 65 мың адам өзін банкрот деп тануды сұрап өтініш берген

Фото: Ашық дереккөзден
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың сөзінше, банкроттар тізіміне күн сайын 100-200 адам қосылуда. Қазірдің өзінде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан астам адам бар.
– Мен статистиканы күн сайын қарап отырмын. Банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Қазір біз осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан астам адам бар. Олар тізімге біртіндеп қосылады, – деді Біржанов журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Қазақстан бойынша сот шешімінен тыс өзін банкрот деп тануды сұрап 65 мың адам өтініш берген.
Банкроттық туралы заң биыл 3 наурыздан бастап күшіне енген.

Пікірлер жоқ.