Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды
Сыртқы істер министрлігі Тайваньға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды. Бұл жөнінде 4 тамызда Қазақстан СІМ өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
– Қазақстан «біртұтас Қытай» принципін қолдайды және Тайваньды Қытай халық республикасының ажырамас бөлігі санайды, – деді Айбек Смадияров.
Смадияровтың айтуынша, Қазақстан халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ жарғысының сақталғандығын қолдайды. Ол БҰҰ Бас ассамблеясының 1971 жылғы №2758 резолюциясына сүйенген.
– Шет мемлекеттің ресми делегациясының Тайванға сапары Қытай үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын, – деді Смадияров.
2 тамызда АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға барған. Пекин Пэлосидің Тайваньға барғанына қарсы шыққан. Қытай Тайвань аралын өзінің территориясы санайды. Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ "отпен ойнамауы керек" деп ескерткен. Пелоси сапары кезінде Қытай Тайваньға жақын Фуцзянь провинциясында әскери жаттығу өткізді.
Пікірлер жоқ.