Қазақстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар қатарынан шығарды


29/12/2023
13:20 9727 0

Фото Айбек Смадияровтың Facebook парақшасынан

 

«Талибан» қозғалысы тыйым салынған ұйымдар тізімінен алынып тасталады. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

 

Қазақстан ҚР аумағында тыйым салынған террористік ұйымдардың тізіміне өзектілігін жоғалтпас үшін жиі тексеріс жүргізіп тұрады. Аталмыш жұмыс барысында БҰҰ тәжірибесін негізге ала отырып, «Талибан» қозғалысын тізімнен алып тасау жөнінде шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары бойынша «Талибан» қозғалысы террористік ұйым деп танылмаған және ол тізімге енгізілмеген, – деді ведомство өкілі. 

 

«Талибан» қозғалысы 1994 жылы құрылып, 1996 жылы Ауғанстанда билік басына келген. 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден кейін АҚШ Ауғанстанға басып кіріп, «Талибан» билігін құлатқан. 2021 жылы АҚШ ел аумағынан әскерін шығарғаннан кейін «Талибан» қайтадан билік басына келген. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

29/12/2023 13:20
9727 0

Уведомление