«Қазақстан» шахтасынан үшінші адамның денесі табылды

Шахтада жарылыс болған


18/08/2023
15:39 14494 0

 

Қазір марқұмның жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады «Арселор Миттал Теміртау».

 

17 тамызда Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» көмір кенішінде өрт шығып, 222 жұмысшы эвакуацияланған еді. 5 адам жер астында қалып қойған. Кешелі бері олардың екеуінің денесі табылған. Қалған 2 адам әлі іздестіріліп жатыр.

 

Ақорда сайтының жазуынша, Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясымен жұмысшылардың қауіпсіздігін «мүлтіксіз қамтамасыз ету» бойынша келіссөз жүргізуді де тапсырған.

 

Ақорда шетелдік АМТ компаниясына тиесілі кәсіпорындарда апаттардың жиі болуы олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсететінін айтады.

 

– Мұндай жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді, – деп мәлімдеді Ақорда сайты.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

18/08/2023 15:39
14494 0

Уведомление