Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды
Фото: Kapital.kz
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойған.
Жарлық бойынша, премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы болып, Роман Скляр тағайындалды. Үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанша өз міндеттерін атқаруды жалғастырады. Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін БАҚ-та президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетіні жөнінде ақпарат тараған.
Отставкаға кеткен Әлихан Смаилов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр болып тағайындалған. Ол үкіметті екі жылдан астам уақыт басқарды. Бұған дейін ол бірінші вице-премьер болып қызмет атқарған.
Пікірлер жоқ.