Қазақстан бала зорлағандар мен терроризмге қатысы барларды кіргізбеуі мүмкін
Мәжіліс көші-қон туралы жаңа заң жобасын жасап жатыр

Фото: astana-akshamy.kz
Мәжіліс көші-қон туралы заңнаманы жақсартатын заң жобасын жасап жатыр. Депутат Снежанна Имашева бұл құжат арқылы Қазақстан бала зорлағандар мен терроризмге қатысы барларды кіргізбейді дейді. Мұны Vласть хабарлайды.
«Заң жобасы мемлекеттің көші-қон саласын қадағалауы, бала зорлап, түрмеге отырып шыққандарға азаматтық бермеу және кіргізбеу, терроризмге қатысы барларды кіргізбеуге қатысты нормаларды дұрыстап көрсетпек», — дейді депутат.

Пікірлер жоқ.