Қазақстан 2022–2024 жылдары Адам құқығы жөніндегі кеңеске мүше болады

Мемлекет үш жыл бойы БҰҰ-мен бірге адам құқығын қорғауға атсалысады


15/10/2021
12:23 38253 0

Фото: gov.kz

 

Қазақстан 2022–2024 жылдары БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесіне мүше болады. Мұны Сыртқы істер министрлігі хабарлайды

 

Қазақстанның кеңестегі жұмысының басты бағыты мыналар болмақ:

 

— гендер теңдігін дамыту, әйел құқығы мен мүмкіндігін арттыру;

— өлім жазасын түбегейлі алып тастау, ксенофобияның кез келген түрімен күресу;

— дін және сенім еркіндігі, инклюзив және жалпы білім беру, пандемия кезінде адам құқығын құрметтеу. 

 

Кеңеске Қазақстаннан басқа АҚШ, Люксембург, Финляндия, Литва, Қаратау (Черногория), Аргентина, Хондурас, Парагвай, Бенин, Камерун, Эритрея, Гәмбия, Сомали, Үндістан, Малайзия, Қатар мен Біріккен Араб әмірлігі кірді. 

 

Адам құқығы жөніндегі кеңес — БҰҰ-ның үкіметаралық органы, құрамына дүниежүзіндегі адам құқығын қорғауға жауапты 47 мемлекет кіреді. 

 

Кеңеске мүшелер бес аймақтан сайланып, міндетін үш жыл атқарады.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

15/10/2021 12:23
38253 0

Уведомление