Қайрат Сатыбалды Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеке ұшақпен жеткізіледі
Қамаудағы Қайрат Сатыбалды астанаға ауыстырылады

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны Алматыдан Нұр-Сұлтанға jet Cessna 525 жеке ұшағымен алып бармақ.
КазТАГ басылымының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласына борттық нөмірі UPCS301
«jet Cessna 525» ұшағы келіп қонған. Осы ұшақпен Қайрат Сатыбалдыны Алматыдан астанаға алып келеді деген болжам бар.
13 наурызда Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының «Қазақтелеком» АҚ-ның қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта Сатыбалды уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Пікірлер жоқ.