Атырау облысында бір отбасынан алты бірдей адам жол апатынан қаза тапты
Жеңіл көлік пен автобус соқтығысқан
Фото: Ашық дереккөзден
18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 1985 жылғы әйел және 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы төрт бала оқиға орнында қаза болған.
Lada Priora көлігін айдаған ер адам Атырау облысының ауруханасында көз жұмған.
Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.
Пікірлер жоқ.