Ақтау қаласы жылуды үздіксіз беру үшін ыстық суды тоқтатты
Шаһар тұрғындары ауыз судың да жетпей жатқанын айтуда
Ақтау қаласы жылуды үздіксіз беру үшін ыстық суды тоқтатты. Бұл жөнінде қала әкімі Ербол Ізбасаров мәлімдеді.
– Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз. Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды, – дейді Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкімнің сөзінше, ыстық суды тоқтатуға Ақтаудағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсібінің» ескірген қондырғыларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны себеп болған.
Желтоқсанның 5-і күні Ақтауда ыстық су тоқтаған. Шаһар тұрғындары ауыз судың да жетпей жатқанын айтуда.
Естеріңізге салайық, 27 қарашада Екібастұзда жылу электр орталығы істен шығып, 150 мың халқы бар қала жылусыз қалған.
Өткен жексенбіде Екібастұз әкімдігі 11 көп қабатты үй әлі жылусыз отырғанын мәлімдеген.
Пікірлер жоқ.