«Қаңтар жылы» кітабы басылып жатқан типографияға «күштік құрылым» өкілдері барған
Фото: Ашық дереккөзден
«Қаңтар жылы» кітабы басылып жатқан типографияға «күштік құрылым» өкілдері барған.
– Маған қазір ғана айтты, Қаңтар туралы жазылған менің кітабым басылып жатқан типографияға «күштік құрылым» өкілдері барыпты. Кітапты оқуға беруді сұрапты. Мен ешкімге бермеңдер дедім. Әзірге бары осы, – деп жазды «Қаңтар жылы» кітабының авторы, журналист Данияр Молдабеков Telegram желісінде.
Данияр Молдабеков бұған дейін әлеуметтік желіде «Қаңтар жылы» кітабын таныстырған. Ол жақын уақытта сатылымға шығатынын айтқан.
Қанды Қаңтар кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. Құқық қорғаушылар 10 мың адам ұсталып, олардың 7 мыңы азапталғанын мәлімдеген.
Пікірлер жоқ.