Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың өліміне кінәлі бірде - бір күдікті жоқ
Қайтыс болған қыздың әкесі бес телеарнаға сұхбат берді, бірде-біреуі эфирге шыққан жоқ
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендерге құқықтық қолдау көрсететін «Qantar» орталығы бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Қазіргі уақытта орталықтың 26 заңгері қаңтар оқиғасына қатысты 55 істі қарап жатыр. Адвокаттардың сөзінше, құқық қорғау органдары істерді қасақана тексермей отыр.
— Қордың жұмыс істеп жатқанына үш ай болды. Жалпы жағдай белгілі болып қалды. Оқ тесіп өткен төрт жастағы қыздың, азаптау мен қаза тапқандар бойынша істер бар. Өкінішке орай, барлық іс тиісті деңгейде қаралып жатқан жоқ. Кейбірі ведомствалардың арасында жүріп, дәлелдер жоғалып жатыр, — «Qantar» заңгерлерінің жетекшісі Данияр Қанафин.
Қанафиннің сөзінше, азаптау фактілері қаңтарда белгілі бола бастаған. Бірақ ұсталған кінәлілер саусақпен санарлық. Барлығы уақытынан кеш тексеріліп, қаралып жатыр.
Қаңтар оқиғасына қатысып, СИ – 18 түрмесінде бір айдан астам уақыт отырған Қосай Маханбаев азаптауға байланысты ісін жасырмақшы болып жатқанын мәлімдеді.
Ал саясаткер Болат Әбілов қаңтардың 6 – ы күні алаңда ешқандай террористтің болмағанын айтады. Оның сөзінше, олар өзінің лас әрекеттерін 5 қаңтарда істеп, жан-жаққа кетіп қалған.
—Ол жерде ту мен плакат ұстаған бейбіт тұрғындарды атап тастады. Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, қаза тапқан 200 адамның өліміне кінәлі бірде бір адам жоқ. Тирдағыдай адамдарды атап тастады. Қайтыс болған қыздың әкесі бес телеарнаға сұхбат берді, бірде-біреуі эфирге шыққан жоқ, — деді Әбілов.
Пікірлер жоқ.