Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 81 адам бостандыққа шықты

Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойған


11/02/2022
13:07 36138 0

Фото: bbc.com

 

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 81 адам тергеу изоляторынан шықты дейді адвокат әрі «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан. Тұтқындардың бәрі ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойған. Мұны Informburo хабарлады. 

 

81 адамның 68-і Алматыдағы изолятордан шыққан. Ал Алматы облысында тоғыз адам босаған, олардың бәрі — кәмелет жасына толмағандар. Шымкентте төрт адам шыққан. Адвокаттың сөзінше, Семейде 24, Шымкентте тоғыз азамат жақында бостандыққа шығады екен. 

 

«Аманат» комиссиясы — жаппай тәртіпсіздіктер кезінде заңсыз ұсталғандарды босатумен айналысатын ұйым. Бұған дейін олардың көмегімен кемі 36 адам босап шықты. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/02/2022 13:07
36138 0

Уведомление