Астанада мүгедек балалары бар бір топ ата-ана бос арбалармен әкімдік алдына барды

Олар өздеріне үй берілмей отырғанына наразы


17/12/2020
14:50 40836 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Он алтыншы желтоқсанда Астана (Нұр-Сұлтан) әкімдігі алдына мүгедек балалары бар онға жуық әйел бос мүгедектер арбасымен шыққан. Азаттық радиосының хабарлауынша, олар түрлі мәселеге, соның ішінде өздеріне баспана берілмей отырғанына билік назарын аудартқысы келген.

 

Акцияға қатысушылардың сөзінше, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының «І мен ІІ топ мүгедектері мемлекет қорынан өздері тұрып жатқан үйді жеке меншігіне тегін ала алады» деген 13-бабы бұзылып отырғанын айтты. 

 

«Біз наразылар мәселесін жүйелі қаралсын деп талап етеміз. Әр шенеунік өз міндетін орындасын, бізді әкім қабылдасын» — деген заңгер әрі баспана мәселесі бар табысы аз азаматтар құқығын қорғаушы Болатбек Блялов Азаттық радиосына. 

 

Наразыларға әкімдіктен ешкім шықпады. Ата-аналарға шыққандардың бірі «Қазақстанның Азаматтық альянсы» вице-президенті Ғамал Түзелбаев осы мәселені шешу үшін әкімдікте кеңес құрылғанын айтты. Дегенмен наразылар оны тыңдамай, ақциясын жалғастыра берді. 

 

Наразылар бұрын да билікке жүгінген екен. Биыл желтоқсанның басында бір топ белсенді президент әкімшілігіне, оның алдында жергілікті әкімдік пен парламентке өтініш жіберген екен, бірақ қалаған жауабын ала алмаған.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/12/2020 14:50
40836 0

Уведомление